алғашқы ақылы сынақ қалай өтті
Қысқа сілтеме алу
Тестіні қазақ тілінде 25 мыңнан астам оқушы тапсырды, орыс тілінде — он мыңнан астам
АСТАНА, 23 қаңтар — Sputnik. Қазақстанда бірінші ақылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы шықты.
«Қысқы» ҰБТ-ға 34 687 мектеп оқушысы қатысқан. 24 012 адам немесе тапсырғандардың 69 %-ы шектік ұпайдан артық балл жинаған, деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы директоры Рамазан Әлімқұлов.
10 675 білім алушы (31 %) жеткілікті ұпай жинай алмады.
Мемлекеттік тілде тапсырғандар саны 25 мыңнан асса, он мыңнан астам оқушы орыс тілінде тестілеуден өткен. Ағылшын тілін 61 талапкер таңдапты. Сонымен бірге, мүмкіндігі шектеулі тоғыз оқушы өз білімін тексеріп көрді.
ҰБТ кезінде түлектерге көмектескен ұстаздар желіде шу шығарды
Биылдан бастап алғаш рет Ұлттық бірыңғай тестілеуді жылына төрт рет тапсыруға болады: қаңтарда, наурызда, маусымда және тамызда.
«Қаңтар, наурыз және тамыз айында ҰБТ тапсырған соң, талапкер ЖОО-ның тек ақылы бөліміне оқуға түсе алады. Ал мемлекеттік грантты жеңіп алғысы келсе, міндетті түрді маусым айында ҰБТ-дан өтуі керек, соның қорытындысы бойынша конкурсқа қатыса алады», — деп атап өтті Әлімқұлов орталық коммуникациялар қызметінің алаңқайында.
Ақылы ҰБТ-да оқушылар қандай пәндерді таңдады
Сегіз мыңнан астам талапкер «Математика – физика» пәндерін таңдаған, ал алты мыңдай болашақ студент «Химия — Биология» пәндері бойынша бақ сынауды жөн көріпті.
ҰБТ-ға ерекше шпаргалка алып кірген түлек министрліктің назарына ілікті
Республикалық апелляциялық комиссияға тест мазмұны бойынша сегіз шағым түсті, олардың үшеуі қанағаттандырылған.
«Алтын белгі» иегерлеріне жеңілдіктер қарастырылған ба
Ұпай саны тең болғанда, «Алтын белгі» иегерлеріне басымдық беріледі, деп атап өтті Әлімқұлов.
Биылғы түлектер қандай да бір дәлелді себеппен ҰБТ тапсыра алмаса, келесі тестілеуге қатыса алады.
Ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларға жеке көмекшілер мен сурдоаудармашылар көмектеседі.
ҰБТ-да қанша балл алғаныңды Ұлттық тестілеу орталығынан біле аласың. Тапсырған адамның жеке коды мен ЖСН нөмірін енгізсе, экранға ұпай саны шығады.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/