Тағамның жарамдылық мерзімін екі есе ұзартатын қаптама жасалды
БҰҰ-ның мәліметінше, әлемдегі өндірілетін азық-түліктің 30 пайызы жарамдылық мерзімі өтуіне байланысты сапасы бұзылады және соның салдарынан әлемдік өндірушілер жылына 2,6 триллион доллар шығынданады. «Бірақ, бұл мәселенің бер жағы» дейді мамандар. Жарамдылық мерзімі біткен азық-түлік шіри бастайды. Ал, шіріген азық-түліктен бөлінетін метан газы табиғатқа кейбір зауыттар бөлетін метан газдарынан да аса қатты зиян келтіреді екен.
Бірақ ғалымдар аталған қиындықтардың алдын алу үшін бірнеше жылдан бері зерттеу жүргізіп келеді. Солардың бірі – «Apeel Sciences» стартапы. Жақында аталған стартап азық-түліктің жарамдылық мерзімін екі есеге ұзартатын мөлдір, жұқа қаптама жасап шығарды.
«Epideel» қаптамасы азық-түліктің бұзылуының екі негізгі себебін болдырмауға мүмкіндік береді. Физикалық тосқауыл ретінде әрекет ететін «Epideel» судың булануын тоқтатып, тағамның атмосфералық оттегімен реакциясынының алдын алады.
Май және басқа да ингредиенттерден тұратын «Epideel» қаптамасы көкөністерден жасалған болып, АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмектермен күрес басқармасының ережелеріне сәйкес әзірленген. Аталған қаптамамен оралған жемістер АҚШ-тың Kroger, Costco және Harps Food сынды азық-түлік дүкендер тармақтарында қазірдің өзінде сатылып жатыр.
Apeel Sciences-тің мұндай жетістікке жетуі Билл мен Мелинда Гейтстер фондымен байланысты. Себебі стартап құрылған кезінен бастап екі миллиардер Apeel Sciences-тің зерттеулеріне қомақты қаржы бөліп отырған.
Дереккөз: https://massaget.kz/