Қазақстандық файтер жекпе-жекте қарсыласының жағын сындырып жіберді (ВИДЕО)

0

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында аралас жекпе-жек кешінің басты жекпе-жегі өтті

Қазақстандық файтер Еркебұлан Тоқтар Тәжікстаннан келген қарсыласының жағын сындырып, нокаутқа жіберді, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Azattyq Rýhy.

Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында аралас жекпе-жек кешінің басты жекпе-жегі өтті. Жеңіл салмақта BMF чемпионы атағы үшін қазақстандық актер және ММА шебері Еркебұлан Тоқтар (9-3) мен Тәжікстан өкілі Камариддин Хасанов (7-2) жекпе-жекке шықты.

Кездесудің төртінші раундында техникалық нокаутпен қазақстандықтың жеңісімен аяқталды: Еркебұлан Тоқтар ауыр соққысынан кейін Камариддин Хасанов жекпе-жекті ары қарай жалғастыра алмады.

Комментаторлардың мәліметінше Хасановтың жақ сүйегі сынған деген болжам бар. Осылайша, Еркебұлан Тоқтар лига тарихындағы алғашқы BMF белбеуінің иегері атанды.

Еркебұлан Тоқтар кәсіпқой ММА карьерасында оныншы жеңісіне қол жеткізсе, Камариддин Хасанов үшінші рет жеңіліске ұшырады.