Нұрәлі Әлиев енді «Транстелеком» акционері емес

0

Нұрәлі Әлиев «Транстелеком» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетті. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Нұрәлі Әлиев “Транстелеком” компаниясының сатылуына байланысты акционерлер қатарынан шығып, директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кету туралы шешім қабылдады.

Транстелеком – телекоммуникация және IT қызметтерімен айналысатын ірі қазақстандық байланыс операторларының бірі. Forbes мәліметінше, Unit Telecom арқылы компанияның 75% акциясын Нұрәлі Әлиев пен Дмитрий Покупатев иеленді. Қалған 25%-ы «Қазақстан темір жолы» компаниясына тиесілі. Алайда компания бұрын мемлекет меншігінде болған. 2015 жылы «Транстелеком» 9 млрд теңгеге жекешелендірілді деген ақпарат тарады.

2022 жылдың сәуірінде үкімет Транстелекомды сату мәмілесі нәтижесінде мемлекетке келтірілген ықтимал шығын мәселесін зерттеуді ұсынды.

Нұрәлі Әлиев – Дариға Назарбаеваның ұлы.