Кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаровтың әйелі алаяқтық жасады деген айыппен қамауға алынды
![](https://kznews.kz/wp-content/uploads/2025/02/IMG_5154-905x613.png)
Астанада белгілі кәсіпкер, Parmigiano Group компаниясының иесі Алмас Әбдіғаппаровтың әйелі ұсталды. Ольга Әбдіғаппарованың ұсталғаны туралы ақпаратты Алматы полиция департаменті растады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полицияның мәліметінше, Ольга Әбдіғаппарова аса ірі көлемдегі алаяқтық ісі бойынша күдікті ретінде танылды.
«Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасы тұрғын үй кешеннің үлескерлерінің ұжымдық арызы негізінде аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Азамат Ә. күдікті деп танылып, Астанада ұсталды», – делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Күдікті Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Алмас Әбдіғаппаровтың өзі Алматыда 2022 жылдың жазында соттады. Ол аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқырғаны үшін кінәлі деп танылып, оған бес жыл мерзімге қаржы ұйымдарында басшылық қызметтерді атқаруға тыйым салынды, жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.