“Анам осылай ауыра бастады” — Ауруханада анасының жанынан табылмаған Құралай Нұрқаділова күтпеген мәлімдеме жасады
Танымал дизайнер Құралай анасының қайтыс болуынан кейін өмірінің мәнін жоғалтқанын және осы себепті біраз уақыт ел алдына шықпағанын мәлімдеді.
Ол анасына арнаған мақсатынан айырылып, күйзеліске түскенін, өзіне қолдау көрсеткен жақындары мен достарының арқасында ғана қайта өмірге бейімделе бастағанын айтты. Қазіргі таңда ол өзін мүлде басқа адам ретінде сезінетінін және өз өмірін жаңа қырынан қабылдай бастағанын жеткізді.
Менің анам нағыз арқасүйер ақылшы, сырлас дос, мықты әйел болған. Әкем басқа әйелге кеткеннен кейін ол жалғыз қалды. Иә бұл өмір, өмірде бәрі болады. Сол кезде ол осы пәтерде жалғыз қалды. Сол кезде мен өзіме шешім қабылдадым, барлық жасағанымның бәрін анама арнаймын дедім. Сол себепті мен одан басқа мақсатты білмеппін.
Мен талай адамды осындай күйден шығарсам да, өз-өзіме шамам жетпеді. Бұл өте қорқынышты жағдай. Не істеріңді білмей, қандай мақсат қоярыңды білмеу деген өте қиын жағдай. Қазір туған-туыстар қайта араласа бастады.
Анам осылай ауыра бастады, бәрі Алланың қолында, адамның қай күні дәм-тұзы таусыларын тек Алла біледі. Сосын олар, менің құрбыларым маған көмектесіп, қолдау көрсете бастады. Мен тек қазір ғана өзім үшін өмір сүрудің не екенін түсіне бастадым. Қазір алдарыңызда мүлдем басқа Құралай отыр. Бізге қолдау көрсеткендеріңіз үшін көп рахмет», — деп сөзін түйіндеді ол.
фото: ашықдереккөз