Қарабаев Назарбаеваның ҚТЖ-мен байланысы бар-жоғын айта алмады
Көлік министрі Марат Қарабаев экс-президенттің кіші қызы Әлия Назарбаеваның «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясынан пайда табатын-таппайтынын түсіндіре алмады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz
Ұлттық тасымалдаушы «Instant Payments» компаниясымен арасындағы келісімшартты бұзуға уәде берді. Бірақ бұл уәде орындалды ма, жоқ па — әлі белгісіз. Тіпті министрдің өзі хабарсыз.
ҚТЖ-ға хабарласыңыз
Ulysmedia.kz тілшісі Қарабаевтан ҚТЖ мен Әлия Назарбаеваның бақылауындағы компанияның ынтымақтастығы жөнінде жағдайды түсіндіруді сұрады.
«Мен ҚТЖ-ға жүгінуді сұраймын. Өйткені ол қандай да бір шарттарға қол қою үшін өз бетінше шешім қабылдайтын, жеке әрекет ететін субъект», — деді ол.
Анықтама: Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі. Қордың жалғыз құрылтайшысы және акционері – Қазақстан үкіметі.