Қуандық Бишімбаев қанша жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін?

0

Полицейлер Астанадағы мейрамханалардың біріндегі Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады, — деп хабарлайды Kznews.kz қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Астанадағы мейрамханалардың біріндегі әйелдің өліміне қатысты оқиғаны елордалық Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша тергеп жатыр», — делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-тармағы («Адам өлтіру») мәтінінде былай көрсетілген:

«Адам өлтiру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату – сегіз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады«.

фото: ашық ақпарат көзінен