Байқоңырда қазақ тілі мен тарихы сыныптан тыс пән ретінде оқытылады

0

Байқоңыр мектептерінде қазақ тілі мен тарихы тек мектептен тыс пән ретінде және ата-аналардың қалауы бойынша ғана оқытылады, деп хабарлайды Kznews.kz қалалық Білім басқармасына сілтеме жасап.

2022 жылдан бастап мұндай оқыту түрі  М.К. Янгель атындағы № 7 мектептің бес, алты, сегіз және тоғызыншы сыныптарында жүргізіліп келеді.

«Оқытудың бұл түрі оқушылар мен олардың ата-аналарының тілектерінен кейін қолға алынды. Бұл «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақстан тарихы» сияқты пәндер бойынша сыныптан тыс сабақтар» деп хабарлады білім басқармасы.

Оқу басталар алдында мектепте тиісті мониторинг жүргізіліп, оның қорытындысында көрсетілген пәндер бойынша сабақтар ұйымдастыру туралы шешім қабылданған.

«Басқа мектептерде жүргізілген сауалнама мен мониторинг оқушылар мен олардың ата-аналары басқа– мемлекеттік қорытынды аттестацияға (МҚҚ) дайындық, шет тілдерін оқу, спорт пен патриоттық тәрбие беру іс-шараларына басымдық беретінін көрсетті» деп түсіндірді департамент.

Фото: orda.kz