«Әйел затын ұратындар жабайы дәстүрді араб-парсы мәдениетінен алады»

0

facebook желісінде күні кеше әйелін ұрып өлтірді деген Бишімбаевқа қатысты қызық жазба жарияланды. Онда автор әйелді ұруға байланысты қандай да бір видеодан үзінді жариялаған.

«Кешегі әйелін(тоқалы) айуандықпен өлтірген қандықол қылмыскер Қуандық Бишімбаевпен ұмытпасам 2011-ші жылы бір кеште кездесуде бірге болғанмын.

Ол кезде мен марқұм Асылбек Мусиннің көмекшісі едім.

Айтайын дегенім Қуандық Бишімбаев тәкаппар, бес уақыт намазын қаза жібермейтін, яғни партриархальды ұстанымдағы өркөкірек шенеунік ретінде есімде қалды.

Айтпақшы әйелді ұруға рұқсат һәм ақыл-кеңес беретін Құран аяттары екенін естеріңізге саламын.

Сондықтан да әйел затын ұратын немесе тауар секілді көретін еркектер бұндай жабайы үлгі-дәстүрді араб-парсы мәдениетінен алатынын ұмытпағайсыздар дегім келеді.

P.S: Құранда «Ниса» сүресінің 34-ші аятында әйел егер еркекті тыңдамаса насихат жасаңдар немесе төсекте бөлек жатыңдар.

Ал егер сонда да қыңырлығын қоймаса, ұрыңдар делінген», — деп жазды автор.

Фото: svoboda.org