«Мерей мені бұғаттап тастады»: Құралай Нұрқаділова әкесінің екінші некесіндегі қызымен қарым-қатынасы туралы ашық айтты
Белгілі дизайнер, психолог Құралай Нұрқаділова тағы да ашық сұхбат берді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі Bilgen durys бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Құралай Нұрқаділова әкесінің екінші некесіндегі қызы Мереймен араласқысы келетінін жасырмады.
“Мерейді өзім іздеп отырамын. Әкемнің туған қызы болмаса да, менің сіңілім болып қала береді. Алтынбек Қоразбаев ағамыз арқылы телефон нөмерін тауып алып, бірнеше мәрте хабарластым. 10 жылдан бері араласуға ниетті екенімді білдіріп келемін. Мерейдің өзі: “Сізге ренжімеймін. Мен де араласуға қарсы емеспін” деген болатын. Бір күні хабарласқанымда: “Екі аптаға демалысқа кетіп барамыз. Содан кейін хабарласайық”, – деді. Бірақ хабарласқан жоқ. Бала болғасын, дайын емес болар деп ойладым. Кейін мені бұғаттап тастағанын білдім”, – дейді дизайнер.
Психология саласын да меңгеріп жатқандықтан, көзбояушылықпен айналысқан дұрыс емес дегенді алдыға тартты.
“Мереймен кездесе қалсам, онымен қыдырғанымды желіге салмаймын. Ондай көзбояушылық қолымнан келмейді. Адам өзінің ішкі сезімімен шынайы болуы керек. Психология да осыны жиі еске салып, түсіндіреді. Мерей уақыты келгенде бәрін түсінеді. Екеуміздің араласпай қалуымызға ешкімді кінәламаймын”, – дейді қос мамандық иесі.
Айта кетейік, дизайнер Мақпал Жүнісовамен ешқашан сөйлесе алмайтынын жазған болатынбыз.