Назарбаевтың «ешкім қол сұға алмайтын» кепілдігі сақталды – Әділет министрі
Әділет министрі Азамат Есқараев экс—президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасында қандай заңдық кепілдіктері қалғанын айтты, деп хабарлайды Kznews.kz sadaqmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Бүгін үкімет отырысынан кейін журналистер әділет министрінен «Назарбаев пен оның отбасында қандай құқықтық артықшылықтар» қалғанын сұрады.
«Оның ( экс-Президент Назарбаев) құқығына ешкім қол сұға алмайтын кепілдігі, көлікпен қамтамасыз ету құқығы сақталды. Ол үймен қамтамасыз етіледі», — деп жауап берді.
Айта кетейік, бұрын парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар «Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы» туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күші жою» туралы заңды қабылдаған еді.
фото: Ак Жайык