“Барлығын біліп отырдым”: Бостандыққа шыққан Қайрат Боранбаев мәлімдеме жасады
Кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандыққа шыққаннан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады. Бұл туралы Kznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Боранбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.
«Менің әріптестерім, достарым және серіктестерім. Кеше үйіме оралдым, отбасым мен достарымды көргеніме қуаныштымын. Осы айларда мені қолдаған әрқайсыңызға шексіз алғысымды білдіргім келеді. Мен мені қолдау үшін жасалған әрбір бастаманы, маған айтылған әрбір жылы лебізді біліп отырдым. Менің айналамда адал, мейірімді және шынайы адамдар бар екеніне тағы да көз жеткіздім», – делінген жазбада.
Кәсіпкер өзінің «Алмалы» холдингінінің қызметкерлеріне қиын сәтте қолдағандары үшін бөлек алғыс білдіріп, холдингтің әріқарай жұмысын жалғастыратынын мәлімдеді.
Еске салсақ, Қайрат Боранбаев мемлекет мүлкін жымқырғаны үшін мүлкі тәркіленіп, алты жылға бас бостандығынан айырылды. Қазан айында сот Боранбаевтың өтінішін қанағаттандырып, жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеуге ауыстырған болатын. Боранбаев екі жыл төрт айдан астам түрмеде отырды.
фото: vk.com/fckairat