Кеншілердің зейнет жасын қысқарту: қазақстандықтар петиция жариялауда
Елімізде кеншілердің зейнет жасын қысқартуды талап еткен петиция басталды. Оның авторлары бүгінгі күннің келбетіне қарап, кеншілердің көбі лайықты зейнеткерлікке шығуды армандап кететініне сенімді, деп хабарлайды kznews.kz Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Петиция 31 қазанда Alash.online порталында пайда болды.
Қазір шахтада жұмыс істейтін ерлердің зейнеткерлік жасы жалпыға бірдей — 63 жас, әйелдер үшін — 61 жас. Петиция бастамашысы кеншілер үшін бұл шектеуді тиісінше 55 және 50 жасқа дейін төмендетуді ұсынып отыр.
«Қазақстан посткеңестік кеңістіктегі кеншілер жеңілдікті тізімге қосылмаған және басқа елдердегі әріптестеріне қарағанда 10-13 жылға кешігіп зейнетке шығатын жалғыз ел. Еңбек министрлігіне және басқа да органдарға өтініш жасаған «Казуглепроф» көміршілер кәсіподағы мен саланың жекелеген өкілдері Қазақстан шахталарындағы қауіпті және ауыр еңбек жағдайлары туралы көп жылдар бойы бірауыздан айтып келеді. Кеншілер зейнеткерлік жасқа дейін өмір сүре алмайтын көптеген кәсіптік ауруларға душар болады» делінген петицияда.
Автордың айтуынша, қазақстандық кеншілердің аннуитет арқылы зейнетке ерте шығу мүмкіндігі жоқ. 2023 жылы бұл үшін талап етілетін сома 55 жастағы ер адамға 8 миллион теңге, 53 жастағы әйелге 10,5 миллион теңге болып кетті.
Өтініш авторы Сәбина Амангелді кеншінің қызы. Оның әкесі 59 жаста, оның 30 жылын кенші болып жұмыс істеген. Бойжеткеннің айтуынша, ол шахтадан кетпейді, өйткені «президент бізге ертерек зейнетке шығуға мүмкіндік береді» деп уәде берді деп сенеді.
Естеріңізге сала кетейік, 28 қазанға қараған түні құрбандар саны бойынша ең ірі қайғылы оқиға Қарағандыда болды. АМТ-ға қарасты Костенко шахтасындағы жарылыс салдарынан 46 кенші қаза тапты.
фото: ғаламтордан