Шетелдік БАҚ Қазақстанды «Путиннің қосымша территориясы» деп атады
Bloomberg америкалық басылымының Қазақстанды “Путиннің қосымша территориясы” деп жазуы қазақстандықтардың наразылығын тудырды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шетелдік БАҚ-та “Макрон жаңа серіктес пен уран іздеу үшін Путиннің қосымша территориясына келді” деген ақпарат жарияланған.
Bloomberg Макронның Қазақстанға келгенін айтып, елімізді «Ресейдің қосымша территориясына” балады. Бұған қазақстандықтар қарсы пікір жазып жатыр.
«Біз 30 жылдан астам уақыт тәуелсіз елміз. Осы үшін барлық қазақстандықдан кешірім сұрайсыздар деп үміттенемін», «Жер көлемі бойынша әлемнің 9-елін «аула» деп атау бассыздық”, “осындай тақырып қойған журналисті жұмыстан шығару керек» деп жазды тұрғындар.
Желі қолданушылары басылымнан тақырыпты өзгертуді талап етті. Алайда олардың тарапынан әлі ешқандай реакция жоқ.