«Шахтадағы апатқа кеншілеріңіз кінәлі» — желідегі Митталдың сұхбаты рас па? (Фактчек)

0

Әлеуметтік желіде «Митталдың ашық әңгімесі» деген хабарлама таралып жатыр. Бұл жерде «Arcelor Mittal» компания басшысының журналиспен әңгімесінен үзінді деп берілген. Онда Миттал шахтадағы өлімге шенеуніктердің кінәлі екенін айтып, «ақшаны көп төлесең, олар маскүнем болып кетеді» деген пікірін жеткізген.

«Сұхбат үзіндісінде» Миттал шахтада болған оқиғаның жауапкершілігін өзінен ысырып, ары таза екенін айтады және бәріне «модернизацияға бөлген» қаржыны «өз қалтасына салып алған» жемқор шенеуніктердің ашкөздігі кінәлі деп мәлімдейді. Журналистің «мұндай психологияның себебі неде» деген сұрағына Миттал «сопылық ортада өмір сүретін адамдарды бір сәтте байып кету туралы ой азғырса, есінен адасып кете жаздайды» деп айтыпты-мыс. Содан кейін сот алдында жауап беруге дайын екенін, бірақ «оған шенеуніктер жол бермейтінін», себебі «жағымсыз фактілер ашылуы мүмкін» екенін мәлімдейді. 

АМТ баспасөз қызметі де бұл ақпаратты жоққа шығарды. «Таралған хабарлама шындыққа жанаспайды», – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі өкілдері. Бұл туралы stopfake.kz жазды.

Әлеуметтік желіден

фото: kaz.globalnews.kz