Ақтауда көршісінің қандала улағанынан екі бала көз жұмды

0
Сондай-ақ бес адам ауруханаға жеткізілді.

Ақтауда қандалаға қарсы улаудан көрші пәтердегі 2021, 2022 жылдары туған екі бала көз жұмды. Сондай-ақ бес адам ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды Kznews.kz Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

21 қазан күні сағат 8:50-де 102 кезекші пультіне 7 шағын аудандағы үйлердің біріне шақырту келіп түскен.

«Шақыртуға жедел-тергеу тобы шықты. Мән-жайды анықтау барысында пәтерден 2021 және 2022 жылғы кәмелетке толмаған балалардың мәйіті табылды. Сондай-ақ бес адам ауруханаға жеткізілді», – деп мәлім етті Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Полицейлердің мәліметінше төменде орналасқан көрші пәтер иесі үйін улаған.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді.

Сараптама тағайындалып, оқиға орнына санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары барған.

фото: tengrinews.kz