«Ұлы дала баласы» ұлы даласын сыпырып жатыр: Төреғали Төреәлі сот үкімін қалай орындап жатқанын көрсетті (видео)
Төреғали Төреәлі сот үкімін қалай орындап жатқанын көрсетіп, инстаграм парақшасында видео жариялады.
Естеріңізде болса, әнші 40 сағат қара жұмысқа жегілген болатын.
«Соттың үкімі бойынша 40 сағаттық қоғамдық жұмыс тапсырылған болатын. Аллаға шүкір, түске дейін бағана саябақта болдық. Енді осы жерді тазалап жатырмыз. Бұл менің тәуелсіз Отаным, тәуелсіз елім, тәуелсіз жерім, тәуелсіз Қазақстаным. Әлбетте, әнұраны, көк туы бар елдің міндетті түрде заңы болады. Ол заңның алдында барлығымыз бірдейміз. Оған бағынуымыз керек. Міне, ұлы дала баласы ұлы даласын сыпырып жатыр. Мұның еш әбестігі жоқ. Керісінше, тазалық сақтау сүннет. Өз жатқан-тұрған жеріңді таза ұстау, ертең ас ішетін ыдысыңды бүгін жуып қою деген тазалық. Ал тазалық иманнан емес пе? Барлығын жинап тастадық», – дейді Төреғали.
Видео: https://youtu.be/X6ybqAbP-Fw?si=FmQKDt-DE8b7BjrO
ақпарат: Nege.kz