Арнайы «кеңес беру қызметі» құрылды
Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Social project management» орталығы» қоғамдық қоры «Бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан адамдарды әлеуметтік бейімдеудегі мәселелерді шешуге бағытталған жобаны» қолға алып отыр. Жоба барысында «Кеңес беру қызметі» құрылып, бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан адамдарды жұмысқа орналастыру, тұрғын үй сұрақтарын шешу, тіркеу, әлеуметтік оңалту, емдеу, білім алу және қысқа мерзімді кәсіби курстардан өту мәселері бойынша кеңес беру көмегі көрсетіледі. Кеңес алу үшін: 8 727 971 21 61 немесе 8 708 971 21 16 номеріне хабарласыңыз.