Дәулет Тұрлыханов жаңа қызметке сайланды

0

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы төралқасына мүше болып сайланды, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

«Астанада «Динамо» СҚ-ның кезектен тыс конференциясы өтіп, онда төралқаның жаңа құрамы мен осы спорт қоғамының төрағасы сайланды. Отырыс қорытындысы бойынша «Динамо» қоғамының басшысы болып Ішкі істер министрі Ержан Сәденов сайланды. Мен төралқаға отыру құрметіне ие болдым. Сондай-ақ конференцияға қатысушылар президиумға атақты суға жүзгіш, «Рио-2016» Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландинді сайлады», – деп жазды Мәжіліс депутаты Facebook-парақшасында.

Оның атап өтуінше, келесі жылы «Динамо» 100-жылдық мерейтойын атап өтпек.

«Еліміздің көптеген даңқты спортшылары «Динамо» сапында ақ-көк түсті жейденің намысын қорғады. Бүгінде «Динамо» қатарында болу үлкен абырой мен мәртебе болып табылатыны сөзсіз! Жиында әріптестеріме артылған сенім үшін үлкен алғысымды білдіріп, қоғам жұмысына сәттілік тіледім», – деді Дәулет Тұрлыханов.

«Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы қоғамдық бірлестігінің бағыты – құқық қорғау органдары мен күш құрылымдары қызметкерлерінің дене шынықтыруын және арнайы дайындыгын дамытуға және жетілдіруге көмектесу.