Барлық табысын жасырын түрде қайырымдылық қорына аударған миллиардер қайтыс болды
АҚШ-та Duty Free дүкендерімен табыс тапқан кәсіпкер Чак Фини 92 жасында Сан-Францискода қайтыс болды. Forbes тізіміне енген кәсіпкер көзі тірісінде барлық ақшасын қайырымдылық қорына беріп, зейнеткерлікке 2 миллион доллар ғана қалдырған. Соңғы 30 жыл бойы Фини жалдамалы пәтерде тұрып, үйі де, көлігі де болмаған. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі Forbes.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фини 1960 жылы Duty Free Shoppers желісін құрып, әуежайларда бажсыз сауда жасаушылардың бірі болды. 1988 жылы ол алғаш рет Forbes журналының АҚШ-тың ең бай 400 миллиардерінің тізіміне еніп, оның байлығы 1,3 миллиард долларға бағаланды. Алайда Forbes оның байлығын қате есептегендерін бірнеше жыл өткенде ғана білген. Ол кезде Финидің капиталы әлдеқайда көп болған, бірақ кәсіпкер оның көп бөлігін жасырын түрде қайырымдылық қорына аударып отырған.
Филантроп ретінде 1997 жылы ол серіктесімен бірге Duty Free Shoppers акцияларын Louis Vuitton Moët Hennessy-ге сатқаннан кейін ғана танымал болды.