«Министрмен қосып қуып шығамыз»: Жер мәселесін көтерген Бақытжан Базарбекке мәжіліс төрағасы ескерту жасады

0

Депутат Бақытжан Базарбек ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдерін сынап, оларды қуып шығатынын айтты. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бұл сөзі үшін Бақытжан Базарбекке ескерту жасады.  Бұл туралы Kznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мәжіліске жиыған депутаттар мен министрлер отырысында депутат Базарбек вице-премьер-министр Тамара Дүйсеноваға сәлем жолдап, Солтүстік Қазақстан облысының Бостандық ауылының тұрғындарының шағымын жеткізді. Айтуынша, екі жыл бұрын Дүйсенова президент кеңесшісі болғанда, тұрғындар жерінен айырылып қалған.

Э“Дүйсенова «мәселе шешіледі» деп уәде бергенімен, ол шешілген жоқ. Сізге Бостандық ауылындағылардан жалынды сәлем жолдаймын», – деді Базарбек.

Содан кейін депутат ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабектен жайылым жерді қайтармай жатқан әкімдердің атын атауды талап етті. Алайда ол атаған жоқ. Бұған Базарбек шүйлікті.

Ъ“Жұмыс істей алмайтын болсаңыздар, қуып шығамыз. Ешкімді аямаймыз, министрмен бірге қуып шығамыз”, – деді депутат.

Бақытжан Базарбектің мұндай сөзін Қошанов сынға алып, ескерту жасады.

“Он миллион гектарға жуық жер туралы әңгімеңіз орынды. Бірақ қатты кетіп, агрессия көрсетпеңіз. 10 миллион га жер қайтарылды. Оның бәрі – “Жер аманаты” комиссиясының арқасы. Оның құрамына құзырлы органдар, депутаттар, қоғам өкілдері де кіреді. Өзіңіз де бұған басшылық етесіз. Қалай әділ бөлініп жатқанын анықтай аласыз, комиссияның құзыреті бар. Бақытжан мырза, бұл бірінші рет емес. Төраға ретінде сізге ескерту жасаймын», – деді ол.

фото: stan.kz