БАӘ-де ұсталған «ӨКМ операторының» бұрынғы басшысына қатысты сот қашан өтетіні айтылды
Осы аптада бұған дейін Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланған «ӨКМ Операторы» компаниясының бұрынғы құрылтайшысы Шнар Мұқтароваға қатысты негізгі сот процесі басталады, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.
Шнар Мұқтарованың ісі Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралады. Сот отырысының басталғаны туралы ақпарат «Сот кабинетінде» пайда болды. Бірінші отырыс ертең, 10 қазанда өтуі керек
office.sud.kz
Еске салайық, «ӨКМ Операторы» бойынша іздеуде жүрген күдікті Біріккен Араб Әмірлігінде ұсталғаны хабарлаған болатын.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұған дейін «ӨКМ Операторы» ЖШС-нің бұрынғы құрылтайшысы Ш.Мұқтароваға аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен халықаралық іздестіру жариялаған болатын. Ол Дубай қаласында ұсталып, Интерполдың көмегімен Біріккен Араб Әмірліктерінің уәкілетті органдары қамауға алды», — делінген хабарламада.