Ақтөбеде араққа тойып алған жігіт дүкеннің тас-талқанын шығарды
Ақтөбеде араққа сылқия тойып алған тұрғын қаланың қақ ортасындағы тұрмыстық техника сататын дүкеннің тас-талқанын шығарды. Ол түн жарымында әйнек есікті сындырып, қолына түскен затты қиратқан деп хабарлайды КТК.
Бұл таспаны сол маңда жүрген куәгерлердің бірі түсіріп алған. Дүкен ішінде қымбат ұялы телефондардан бастап, неше түрлі техниканың тас-талқаны шығып жатыр екен.
Әлеуметтік желіде алғашқыда жұрт бұл бейнажзбаны дүкен иелерінің жарнама жасаған түрі шығар деп күдіктенген болатын. Алайда, бұл расымен де мас тұрғынның әрекеті болып шықты.
Тауарларды оңды-солды лақтырып, қиратып жүрген жерінен оны ұйқысынан оянып кеткен күзетші ұстап алған екен. Тәлтіректеп тұрған күдікті оған қарсылық та көрсетпеген көрінеді.
Дереккөз: КТК