Блогер Айжан Байзақова тегін өзгертті
Былтырғы жылы тұрмысқа шыққан Айжан Байзақова тегін өзгерткенін айтты. The DS’ Show бағдарламасына келген блогер күйеуінің тегіне өтіп, құжаттарының бәрін ауыстырғанын баяндап берді, деп жазады Kznews.kz тілшісі.
Бағдарлама жүргізушісі Динара Сәтжан блогердің тегін өзгертіп, құжаттарының бәрін ауыстырғанын атап өтті. Ал Айжан Байзақова бұл ақпаратты растады.
«Мен енді Байзақова емеспін. Мен әрдайым тегімді ауыстырмаймын дейтінмін. Бірақ, бұл — өмір. Менде таңдау болмады», — деді Айжан Байзақова. Бағдарлама жүргізушісінің айтуынша, блогер енді Айжан Арыстанова болған.
Естеріңізге сала кетейік, Айжан Байзақова биыл екінші рет ана атанады.