Анкарада жарылыс болды
Түркия астанасындағы Қызылай ауданында елдің Ішкі істер министрлігі басқармасының бас ғимараты маңында жарылыс болды, — деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.
Түркия Ішкі істер министрі Али Йерликайдың сөзінше, Анкарада министрлік ғимаратының жанында лаңкестік әрекет жасалды. Қылмыскерлердің бірі өзін жарып жіберсе, екіншісінің көзі жойылды.
«Атыс кезінде полицияның 2 қызметкері өмірге қауіп төндірмейтін жарақат алды», — деп хабарлады мекемеден.
Оқиға болған ауданға жақын жерде бірқатар жолда қозғалыс тоқтатылды. Төтенше жағдай орнын президент күзеті де бақылап тұр.
Фото: Анадолы