Әскери қызметкер Маңғыстаудағы полигонда көз жұмды

0

Марқұмның аты Асқар Арашбай. Биыл ол 20 жасқа толыпты. Өткен жылдың күзінде колледж бітіргеннен кейін Түркістан облысынан әскерге шақырылған. Оқиға орнына «Запад» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Дәулет Оспанов бастаған комиссия жіберілді, деп хабарлайды ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі.

Ведомствода 30 қыркүйекте Ақтау гарнизонында жұмыс жүргізу кезінде оқу полигонында белгісіз заттың жарылғаны туралы хабарланды. Нәтижесінде бір әскери қызметкер әртүрлі дәрежеде жарақат алды. Медицина қызметкерлерінің күш-жігеріне қарамастан, әскери қызметкер ауруханаға барар жолда қайтыс болған.

Оқиғаның себептері мен жағдайлары анықталып жатыр. Әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тексеруді бастады. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілмейді.

фото: ғаламтордан