Алматы облысында имам баланы ұрып, құлатқан: Прокуратура жағдайды тексеруде
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында жергілікті имамның намаз кезінде баланы ұрғаны бейнежазбасы желіде таралды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға Шелек ауылының орталығындағы «Хидаят» мешітінде болған. Намаз кезінде 12 ересек ер адам мен үш ұл тұр. Сол кезде бүлдіршіндердің бірі имамның алдынан жүгіріп кеткенде, имам оны ұрып, құлатты.
Желі қолданушылары имамның әрекетін айыптап, жауапты органдардан балаға дөрекі әркет жасағаны үшін жазалап, оны жұмыстан шығаруды талап етті.
Оқиғаға Алматы облысының прокуратурасы жауап берді. Қадағалау органы резонансты жағдайдың куәгерлерін іздеуде.
«Аталған мәселені Еңбекшіқазақ ауданының прокуратурасына тапсырдық, жұмыстың нәтижелері туралы қосымша хабарлаймыз, сонымен бірге куәгерлерге бізге жазуды сұраймыз», – деп хабарлады прокуратура.