Қазақстан Азия ойындарында алғашқы алтынды жеңіп алды
Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасы қоржынына алғашқы алтын медаль түсті. Стенд атудан әйелдер құрамасы үздік шықты, — деп хабарлайды Kznews.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Зоя Кравченко, Әсем Орынбай мен Ольга Панарина үштігі скит сайысында алдына жан салмады. Одан өзге олар 350 ұпаймен Азия ойындары рекордын жаңартты.
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы қоржынында 1 алтын, 2 күміс, 7 қола медаль бар.
фото: tengrinews.kz/Турар Казангап