Есекке мініп, әйелінің жұмыс істейтін мектебіне гүл алып келген ер адам желі қолданушыларын тәнті етті (видео)
Әлеуметтік желіде әйелінің туған күнінде есекке мініп келіп, гүл сыйлаған ер адамның видеосы тарады, — деп жазады Kznews.kz Nege.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы, NEGE. Видеодан жұбайының мектепте жұмыс істейтінін көруге болады.
– Бүгін Қарлығаштың туған күні. Күйеуі есекпен келіп тұр, – дейді видео авторы.
Ер адам сүйіктісіне үлкен гүл шоғы мен торт сыйлаған. Желі қолданушылары әйеліне ерекше тосын сый жасаған ер адамның әрекетіне тәнті болып, жылы лебіздерін жаудырып жатыр.
видео: https://youtu.be/Rl6HaHX1Kvc