«Хафиз» күйі төрт айлығында шетінеп кеткен ұлыма арналған» — Сейфуллин Жолбарыс

0

Белгілі әнші Сейфуллин Жолбарыс “Ұйқым келмейді” бағдарламасында “Хафиз” күйінің тарихын баяндап берді. Бұл туралы Kznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сейфуллин Жолбарыстың үздік туындыларының бірі “Хафиз” күйінің өзіндік тарихы бар болып шықты.

“Бір қарасам, “Хафизбен” тойларда ет шығарып жатыр, енді бірде Түркияда “Хафиз” күйін қойып, сән көрсетілімі өтіп жатыр. Алғаш рет “Хафиз” күйін Асылбек Еңсепов орындады. Қазір Астананың симфониялық оркестрі орындап жүр. Қазақстандық пианист, музыкалық педагог Жәния Әубәкірованың өзі “Хафизді” халық күйі деп ойлаған. Мен айттым: “Жәния апай, менің тұңғыш ұлым 4 айлығында шетінеп кеткен. “Хафиз” – содан шыққан мұң, қайғы. Бұл – қайғылы музыка. “Хафиз” – 1998 жылы шыққан күй. Көп жерлерде қойылып жүр, бірақ ешкім менен сұраған емес. Өйткені бұл күйдің авторы мен екенімді көбі білмейді. Ал мен қазақшылыққа саламын. Орындалып, қойылып жүргеніне қуанамын. Ал авторлық құқыққа келетін болсақ, болашақта мықты авторлық қоғам құрылатын болса, қолға аламын деп ойлаймын”, – дейді Сейфуллин Жолбарыс.

фото: ғаламтордан