Танымал актер Әбілмансұр Серіков әкесінің денсаулығына байланысты көпшілік біле бермейтін ақпаратты жария етті

0
Танымал актер Әбунасыр Серіковтың ұлы Әбілмансұр Серіков әкесінің денсаулығына байланысты көпшілік біле бермейтін
ақпаратты жария етті. Бұл туралы ол Тимур Балымбетовке берген сұхбатында айтты,
— деп хабарлайды Kznews.kz Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.

«Ол кісі қазір Шымкентте денсаулығына байланысты сол жақта тұрып, ем алып  жатыр. Массажы бар, сынықшысы бар, грыжасы бар, Түлкібастан алдыратын суы бар, соған байланысты сол жақта. Мама осында, Алматыда. Шаңырақ осында болғаннан кейін, бала-шағаның мектебі бар, жұмысы бар дегендей. Осылай жүрміз әзірше. Негізі емделетін нәрсе шығар, бірақ біресе жүріп жақсы болып қалады да, ертесіне хабарласқанда ауырып қалады, суық тигізіп алады. Өзі де шошаңдап жүреді ғой, өзінен көрсін», — дейді ол.

Сондай-ақ актер әкесі екеуінің қарым-қатынасы туралы да айтты.

«Ол кісі мені үнемі қолдайды. Мысалы, кеше де «Жол» деген кино шықты ғой, сол кезде де «Братан, қалайсыз? Киноңыз қалай болды, ұят болып қалған жоқ па? Ұялатындай емес па?» деп сұрап жатыр. Вроде ұялатындай емес деп жауап бердім», — дейді Әбілмансұр Серіков.

Актер не себепті Ғабит Мүсірепов театрынан кеткенін де жасырмады.

«Мен академияны бітіргенде ТЮЗ-да кастинг болды, мен бардым. Мен сол қабырғада өскеннен кейін мені бәрі біледі, сол жердің баласымын, төртіншы сыныптан бастап спектакль ойнадым. Кастингте Талғат Теменов бұл баланы сынап та керегі жоқ, осы жерде өскен бала жұмысқа аламыз деді. Отырғандардың ешқайсысы қарсы болған жоқ. Бірақ, мен 1,5 жылдан кейін ғана үлкен рөлді алдым. Оның өзінде премьераға 20 күн қалғанда белгілі бір себептерге байланысты жұмыстан шығып кеттім. Сонымен, ол рөлді де ойнау бұйырмады. Рөлім дайын болды, тек ауырып жатып қалдым. Сонымен арада түсініспеушіліктер пайда болып, сөз, тырнақ астынан кір іздеу болды. Әйтеуір бір себептерге байланысты жұмыстан шығарып жіберді. Менің шешімім емес, бірақ мен өз қалауыммен кеттім деп жазуға мәжбүр болдым», — дейді актер.

  1. фото: ғаламтордан