Азия ойындарында отандастарымыз күміс және қол жүлде иелерді

0

Мағжан Шамшадин мен Әбиба Әбужақынова  Азия ойындарынында қола және күміс жүлдегері атанды.

Мағжан Шамшадин үшінші орын үшін күресте Тәжікстаннан келген Мерзод Суфиевті жеңді. Жекпе-жек 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтті.

«Мағжан өте мықты қарсыласпен жекпе-жекте нағыз мінез танытты. Мен оны шын жүректен құттықтаймын және боз кілемдегі еңбегі үшін алғыс айтамын. Бұл оның қанжығасындағы соңғы үлкен марапат емес екеніне сенімдімін», — деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Ал Әбиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екінші болды.

Финалда Әбиба жапондық Нацуми Цунодамен кездесіп, мерзімінен бұрын жеңіліс тапты.

Әбиба Әбужақынованың медалі Ханчжоудағы Азиадада Қазақстан үшін бірінші болды.