Алтынай Жорабаева аяғы ауыр екенін айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады

0

Әнші Алтынай Жорабаева инстаграм парақшасына аяғы ауыр екенін айтып, жазба қалдырды. Көптен перзент сүюді армандап жүрген әнші іштегі сезімдерімен, ойларымен бөліскен. Інісіне жүктілікті көрсететін тест беріп, тосынсый жасаған бейнежазбасы да желіде жарияланды.

«Алланың қалауымен, сіздердің ақ тілектеріңізбен, әке-анам, ата-енем, бауырларым мен қыздарым және Әлішер екеуіміздің дұғамызбен сәби сүюді нәсіп еткелі жатыр. Қуанғаннан Әлішердің төбесі көкке бір елі ғана жетпей қалды. Негізі үш жылдай қатты үміттендік. Содан былтырдан бері үмітімізді үзген едік. Себебі, жас келіп қалды. Мені қоя берші, «Алла бір бала берсе екен» деп, Әлішерді қатты уайымдадым. Сонда ол «Жаным-ау, уайымдама. Бәрі Алланың қалауымен болады. Мен ертең Алланың алдына барғанда, «Неге балаң болмады. деп сұралмаймын. Мен қыздарға қандай әке болғаным үшін, саған қандай жар болғаным үшін сұраламын. Сондықтан бізге ненің қайырлы екенін Алла жақсы біледі» деген еді. Менің де уайымым басылды. Шынында, Алланың өз есебі бар екен.

Пендешілікке салынып, «Ұл болса» деп қоямын. Ал Әлішер «Ұл ма, қыз ба бәрібір. Ең бастысы, сендей жаннан перзент сүйсем, бақыттымын» деді. Аллаға шүкір», — деп жазды Алтынай Жорабаева. 

фото: 365info.kz