ҰҚК 5-департаментінің экс-басшысы қаңтар оқиғасында Назарбаевтың жиенінің тапсырмасын орындағанын мәлімдеді

0

Сот залында Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) 5-ші департаментінің бұрынғы басшысы Руслан Ысқақов қаңтар оқиғасы кезінде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіштің тапсырмасын орындағанын мәлімдеді. Бұл туралы журналист Данияр Молдабеков өзінің Telegram-арнасында хабарлады.

«Олар маған Самат Әбіштің бұйрығын орындадым деп айтуға тыйым салып жатыр», — деді Ысқақов соттағы сөзінде.

Ол сондай-ақ Арман Жұмагелдиевті («Дикий Арман») тұтқындау туралы бұйрық шетелден келгенін айтты.

«Арман Жұмагелдиевті ұстау туралы бұйрықтың шетелден келгенін білемін және дәлелдеймін. Жай телефон қоңырауы арқылы. Ол кезде қандай дәлел болды?» – деп мәлімдеді Ысқақов.

Айтуынша, оның қылмыстық ісі бойынша жауап алынғаннан кейін бір жыл өткен соң оның айғақтары құпияланған. Ысқақовтың мәлімдеуінше, бұл Әбіштің қаңтардағы рөлін жасыру үшін жасалған.

Ол Қаңтар кезінде Алматы жедел штабын бұрын сотталған Алматы қаласы Ұлттық қауіпсіздік департаментінің экс-бастығы Нұрлан Мәжилов басқарғанын түсіндірді.

Еске салайық, 2022 жылдың 2 қыркүйегінде Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бесінші департаментінің бұрынғы басшысы Руслан Ысқақов ұсталған болатын.

ақпарат: Nege.kz

фото: halyk uni