Балғынбек Имашев, ақшаларын қайтарып беріңіз жылатпай, ұят болады! — Айгүл Орынбек
Құқық қорғаушы Айгүл Орынбек facebook әлеуметтік желісінде «Аманат хоум» салымшыларына жүргізіп жатқан үгіт-насихатынан үзінді жариялады. Жазба соңына ҚР Бас прокуратурасы мен ҚР Ішкі істер министрлігіне үндеу қалдырды.
“Аманат хоум”, салымшылары маған шығып жатыр көмек сұрап!
Балғынбек Имашев сізге сеніп ақша салған денеңіздің бөлшектеріне ақшаларын қайтарып беріңіз жылатпай, ұят болады!
Мына видеодан кейін намаз оқитындар алдамайды дегенге сенесіңдер ме?
ҚР Бас прокуратурасы / Генеральная прокуратура РК
ҚР Ішкі істер министрлігі / Министерство внутренних дел РК
Қылмыстық істі неге қозғамай отырсыздар?
Міндетті түрде халық өзін өртеу керек пе?
Бәрі арыз жазған екен, іс қозғалмай тұр деп жазып жатыр.
Жылдам қозғап жіберіңіздер, Балғынбек ағамыз арнауын сот залында айтсын!» — деді Айгүл Орынбек.
Жазбадан Балғынбек Имашевқа бір емес бірнеше адамдардың сеніп, алданып қалғанын аңғаруға болады. Бұл жағдайға оқырман «Алаяқтарда иман болмайды», «Жат адамның адамы ғой мынау», «Алаяқ» деген түрлі пікірлер білдіріп жатыр.