Алматыда әйел мен оның екі баласын өлтіріп, кейін үйін өртеп жіберген күдікті ұсталды

0

Алматыда әйел мен кәмелетке толмаған екі баласын өлтіріп, кейін үйін өртеп жіберген күдікті ұсталды, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Полицияның мәліметінше, күдікті — 1982 жылғы Алматының тұрғыны.

«Аталған дерек аудандық полицияда ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы («Екі немесе одан да көп адамды өлтіру») және 99-бабы 3-бөлігі («Жас баланы өлтіру») бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта түпкілікті іс жүргізу шешімін қабылдау үшін барлық қажетті сараптама тағайындалып, тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр», — деді Алматы облысы полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Әленов.

Ұсталған адам аудандық полиция уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске салайық, 14 қыркүйекте сағат 23:24 шамасында Алматы облысы Іле ауданының полиция бөліміне Ащыбұлақ ауылындағы үйлердің бірінен К есімді әйел мен оның екі кәмелетке толмаған баласының өлі табылғаны туралы хабар жеткен. Күдікті қылмысын жасыру үшін үйді өртеп жіберген.