Прокуратура Дикий Арманды қоғамға қауіпті деп таныды

0

Прокуратура Дикий Арман мен тағы үш айыпталушыны қоғамға қауіпті деп таныды.

Сотқа айыпталушылар Арман Жұмагелдиев, Руслан Ысқақов, Талғат Махатов және Үсенов ҰҚК департаментінің уақытша ұстау изоляторынан қашықтан қатысуда.

Жұмагелдиевтің адвокаты Рена Керимованың айтуынша, прокурор оларды процеске қатысушылар үшін қауіпті деп санаған.

«Кеше прокуратура менің қорғауымдағы үш адамның қоғамға қауіп төндіретіні туралы хат жазды. Судья хатты қабылдады. Ал біз бұл туралы енді ғана білдік. Себебі неде? Олардың қауіптілігінің дәлелі қайда? Осыны қамтамасыз етсін, біз өтініш жасаймыз» деді адвокат Orda.kz тілшісіне.

ақпарат: Orda.kz

фото: instagram.com/armandzhumageldiev, shutterstock