Қаржы министрлігі «Ерұлан Жамаубаевтың полицейлерге ұсталған» суретіне қатысты пікір білдірді (фото)

0

Қаржы министрлігі қаржы министрінің әлеуметтік желіде тараған «полицейлерге ұсталған» суретін түсіндірді, — деп хабарлайды Kznews.kz stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың суреті пайда болды. Суреттің астында министрді белгілі бір «Қазақстан банкі» сотқа бергені туралы мақалаға сілтеме берілген.

Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі министрге қарсы сот ісі туралы ақпарат, сондай-ақ оның «ұсталуы» түскен сурет жалған екенін хабарлады.

«Желіде қоғамдық тәртіпті бұзатын жағдай жасауға, сондай-ақ азаматтардың құқығы мен заңды мүдделеріне, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіруге бағытталған көрінеу жалған ақпарат тарап жатыр. Осы құқыққа қайшы әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», — деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі..

Фото: zakon.kz