«Құрметті Министр, 85 мың теңгені былай қойып, 200 мың теңгені бір айға есептеп, жеткізіп беріңізші» — Зайытов Министрге сауал жолдады
Мәжіліс Депутатары Ринат Зайытов пен Жұлдыз Сүлейменова «Адырна» ұлттық порталының youtu.be арнасындағы «Таразы» бағдарламасына берген сұхбатта «85 мың теңгеге өмір сүруге болады» деген Министр пікірін талқылады. Осы тұста депутат Ринат Зайытов Светлана Жакуповаға тікелей сауал жолдады.
-Құрметті Министр, Светлана Жакупова ханым, ең болмағанда 200 мың теңгені бір айға есептеп беріңізші. Біз қалай ойланып отырмыз? Біз билік тарапынан өтірік айтуды қоюымыз керек. Бұл әрекет Президенттің реформаларын тежеуге және оның беделіне нұқсан келтіреді» , — деді. Р.Зайытов.
Сонымен қатар депутат мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін бес баласы бар отбасының қажеттіліктерін есептеп шығарып, жіпке тізгендей айтып берді.