Оралдың экс-әкімі Астанада жаңа лауазымға тағайындалды

0

Орал қаласының бұрынғы әкімі City Transportation Systems ЖШС астаналық көлік компаниясы төрағасының орынбасары — басқарма мүшесі лауазымына тағайындалды, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Компанияның баспасөз қызметі ақпаратты растады. Абат Шыныбеков бұл қызметке биыл қыркүйекте тағайындалды. Бұл қызметте ол келесі бағыттар бойынша жұмысты үйлестіреді:

  • серіктестік қызметін құқықтық сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
  • серіктестіктің әкімшілік-шаруашылық қызметін қамтамасыз ету;
  • серіктестік мүдделерін қорғауды және өкілдік етуді қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастыру.
Айта кетейік, 50 жастағы Абат Шыныбеков бұған дейін 2019-2022 жылдар аралығында Орал әкімі лауазымында жұмыс істеген. Одан кейін Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.

Сондай-ақ, Орал әкімінің кеңесшісі, қала мәслихатының хатшысы, БҚО Сырым және Казталов аудандарының әкімі болып жұмыс істеді.