АрселорМиттал Теміртау кенішінде тағы бір жұмысшы қаза тапты

0

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ еншілес кәсіпорнының «Өркен» ЖШС шахтасында кенші қаза тапты, — деп жазады Orda.kz.

39 жастағы жұмысшының өлімі туралы «Өркен» компаниясы хабарлады. Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз.

«Өкінішке қарай, «Өркен» ЖШС кенішінде апат орын алғанын хабарлаймыз. 1984 жылы туған дрифтші қайтыс болды» делінген «Өркен» ЖШС баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін комиссия құрылды.

«Өркен» ЖШС темір кені кәсіпорны «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының құрамына кіреді. Кәсіпорындардың негізгі қызметі кен орындарынан темір рудасын  өндіру, өңдеу, байыту және кейіннен негізгі тұтынушы – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-на дайын өнімді жеткізу.

фото: ғаламтордан