Өгей әкесімен бірге тұратын балалары бар отбасылар тексеріледі
Кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстардың алдын алу шараларының бірі ретінде Бас прокуратура тұрмысы нашар, көп балалы отбасыларға және балалары өгей әкесімен бірге тұратын отбасыларға үнемі тексерулер жүргізуді ұсынады.
Сонымен қатар, Бас прокуратурада құқық бұзушылықтың алдын алу шараларының тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін «Е-превенция» жобасы таныстырылды.
«Жасөспірімдер қылмысының алдын алу мәселелерінде бағдарлама қиын жасөспірімдердің өмір сүру жағдайларын, бос уақытын, білім алу мүмкіндіктерін, әлеуметтік проблемаларын зерттеуге мүмкіндік береді», — деп түсіндірді ведомствода.
Әзірге жоба елордада және Ақтөбе облысында сыналуда.
фото: mel.fm