Қазақстандық министрлердің бірі WhatsApp-нөмірін жариялады
WhatsApp мессенджерінде Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтің ведомствоның жеке құрамына арналған телефон нөмірі іске қосылды. Министрмен тікелей байланыс желісі 4 қыркүйекте жұмысын бастады, деп хабарлайды Kznews.kz.
«Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынышты ұйымдарының қызметкерлері, сонымен қатар азаматтық қорғау органдарының ардагерлері өз сұрақтарын + 7 747 651 75 88 нөмірі бойынша министрге тікелей жолдай алады. Сұрақ мәселенің түпкі негізін көрсететін нақты және түсінікті болуы қажет. Хабарламаны жіберген кезде өзі туралы деректерді: аты-жөні мен лауазымын, тұрғылықты өңірді көрсету маңызды», — делінген ТЖМ мәліметінде.
Айта кетейік, Сырым Шәріпханов төтенше жағдайлар министрі қызметіне биылғы жылдың маусымында тағайындалды.