Желіде қамауда жатқан Күдебаевтың камера ішінде мерекелік дастархан жайған фотосы тарады (фото)

0

Желіде Алматы облыстық полицияның бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың қамауда отырып, мерекелік дастархан жайған фотосы таралды. Бұл туралы Kznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті камерада мереке өткізген фотосуретіне түсініктеме берді. Мәлімдеуінше, Күдебаев үйден әкелінген тамақ ішуге құқылы.

«ІІМ-нің бұйрығымен бекітілген Ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес ҚАЖ мекемелеріндегі сотталғандар сәлемдеме ретінде жіберілген немесе жақындары әкелген тамақты алуға құқылы. Олар бос уақытында отрядтардың арнайы бөлінген мекемесінде тамақ ішуге құқылы», – деді ҚАЖ баспасөз қызметі.

Комитеттің айтуынша, оған фотодағы тамақтарды туыстары әкелген.

«Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД №22 мекемесінде сотталғандар туыстарынан алғаны анықталды. Тексеріс барысында тыйым салынған өнімдер, яғни алкогольдік ішімдіктер анықталған жоқ», – деп пайымдады ведомоствосында.

Stan.kz

Алайда сотталушы телефонды пайдаланғаны үшін тергеу басталған.