«20-30 жылды болжай алатын қасиетім Құдайдан берілген» — Қырғызстан Президенті ерекше қасиеті туралы айтты

0

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров болашақты болжай алатынын айтты. Бұл туралы Kznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Президент ерекше қабілеті туралы Шолпан-Атадағы «Акылман» президент лицейінің ашылу салтанатында айтқан.

«Біз іргетас дайындап жатырмыз. Тек осы кезде ғана Қырғызстанның келешегін анықтап, жүздеген жылға болжам жасай аламыз. Бұл біздің еліміз үшін маңызды. Мақтанғандай болмайын. Менің бір қасиетім бар, яғни 20-30 жылға болжам жасап, елімізді қандай жол күтіп тұрғанын білемін. Болжамым әрдайым орындалады. Қасиет Құдайдан берілсе керек. Негізінде бұл әр адамда болады. Қазір болып жатқан жағдайға қарап-ақ болжам жасауға болады», – деді президент.

Бұған дейін Қырғызстан президенті Орталық Азиядағы футбол жұлдыздарымен бірге “Барселона” командасының аты аңызға айналған футболшыларына қарсы ойнаған еді.

Фото: economist.kg