Желі жұлдызы: полицей вокзалда адасқан әжейдің қолынан ұстап, жетектеген
Әжейді вокзалдан үйіне шығарып салған полицейдің әрекеті Қазнетті тәнті етті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видео әлеуметтік желіде тараған болатын. Көліктегі полиция департаменті өкілдері видеоға қатысты пікір білдірді.
Оқиға 26 тамызда сағат 11.30-да Орал қаласында болған. Жан-жағына қарап, адасып жүрген әжейді Орал станциясындағы полицияның желілік бөлімінің патрульдік полиция тобының полицейі Мирас Жасұланов байқап қалған.
Фото: tengrinews.kz