«АрселорМиттал Теміртауға» тиесілі шахтада тағы да апат: әлі іздестіріліп жатқандар бар

0

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасынан 224 қызметкер жер бетіне шығарылды, 3 адам әлі іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Kznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Алдын ала мәліметке сәйкес, қауіпсіз жерге шығарылған 13 адам бас ауруы мен жөтелге шағынданған. Қазіргі уақытта 4 адам, оның ішінде екеуі Шахтинск қаласының орталық аурухансына, тағы екеуі облыстық медициналық орталыққа жатқызылды.

«Кеншілерге алдын ала қойылған диагноз – жеңіл дәрежедегі көмірқышқыл газынан улану. Тағы екеуі Мақажанов емханасында. Алдын ала диагноз – көмірқышқыл газынан ауыр дәрежеде улану. Оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр», — деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Шахтада барлығы 227 адам болған, үш адам әлі жер астынан шығарылмады.

“Оқиға орныңда «КӘАҚҚ» РО бөлімшесі және ТЖД қызметкерлері жұмыс істеуде. Өрттің себептері анықталады”, – делінген хабарламада.

Айта кетсек, Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ «Қазақстан» шахтасында өрт шыққанын мәлімдеді. Қазір адамдарды эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр.

фото: news.liga.net