БҚО әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Балтаевқа қатысты сот үкімі шықты
Сот экс-шенеуніктерді қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп тапты. Сот үкіміне сәйкес Ержан Балтаевқа 2500 АЕК көлемінде немесе 8,6 миллион теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар, Ержан Балтаев мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.
Ал Артур Досқалиев 1000 АЕК немесе 3,4 миллион теңге айыппұл төлеуі керек. Олар айыппұлдарды бір ай ішінде төлеуге міндетті. Олай болмаған жағдайда, айыпталушылар қамауға алынады.
Бақ іс материалдарына сілтеме жасай отырып, Балтаев Досқалиевке екі адамды жұмысқа қабылдау туралы нұсқау бергенін жазады. Олар өз кезегінде іс жүзінде жұмыс істемеді, бірақ бірнеше ай бойы жалақы алды. Мемлекетке келтірілген шығын 1,9 миллион теңге.
Балтаев БҚО әкімінің бірінші орынбасары лауазымында ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап бес ай қызмет атқарды. Тағайындалғанға дейін ол Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы болып жұмыс істеді. Ал бұған дейін ол «Astana Invest»қалалық инвестицияларды дамыту орталығының басқарма төрағасы болған
ақпарат, фото: Stan.kz