Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев қызметінен босатылды

0

Қуаныш Ерғалиев берген өтінішіне сәйкес ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қуаныш Ерғалиев бұл қызметке 2021 жылдың маусымында тағайындалған.

«ҚР Үкіметінің қаулысымен Қуаныш Асылханұлы Ерғалиев берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды», – делінген хабарламада.

Қуаныш Ерғалиев 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін, «Қазтұтынуодағы» Қарағанды экономикалық университетін, Tulane University және Harvard University (АҚШ) бітірген.

2009-2014 жылдары денсаулық сақтау министрлігінде түрлі қызметтерде жұмыс істеді.

2014-2019 жылдары Назарбаев Университетінде қызмет еткен.

Ал 2019-2021 жылдары Сүлейман Демирел атындағы университет ректоры болды.